Жалпы ақпарат

Ақмола қаласының Мемлекеттік мұрағаты Ақмола қаласы әкімінің 1995 жылдың 23 қарашасындағы № 3-1-120 шешімімен Целиноград облыстық әкімдігі Басшысының 1992 жылғы 3 суірдегі №17 шешімі негізінде

қала аумағында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындар құжаттарын меншік түріне қарамастан мемлекеттік есепке алу және пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.

1998 жылы Ақмола қаласының Астана қаласы болып өзгеруіне байланысты мұрағат әділет ұйымдарының тиісті қайта тіркеуінен өтіп, 1999 жылдың 23 ақпанынан Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты (бұдан әрі – Мемлекеттік мұрағат) атала бастады.

2000 жылға дейін Мемлекеттік мұрағатта 3 адам – директор, есепші, мұрағатшы-әдіскер қызмет атқарды. Мұрағатшы-әдіскер тек қана әлеуметтік-құықтық сұраныстарды орындау жұмыстарын атқарды.

1998 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының қабылдануы мұрағаттың әрекетін мемлекеттік басқарудың дербес саласы ретінде заңдастырып қана қоймай, сондай-ақ, үшбірлікті міндеттерді орындау үшін тиісті нормативті база құрудың құқықтық негізін жасады: жазбаша тарихи-мәдени мұраны қалыптастыруды, сақтауды және ғылыми қолдануды қамтамасыз етті, мұрағат ісін мемлекеттік реттеуді дамытудың басымдылығын анықтады.

Еліміздің жаңа астанасы мұрағатының келесі даму кезеңі Астана қ. мұрағаттар және құжаттамалар Басқармасының 2003 жылдың 2 маусымындағы № 08 бұйрығымен жаңа «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мекемесінің Мемлекеттік Жарғысын бекітумен байланысты. Бұл Жарғы бойынша Мемлекеттік мұрағат заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме. Оның құрылтайшысы – Астана қаласының Әкімдігі.

Бұл күні Мемлекеттік мұрағатта 51 қызметкер келесі құрылымдық бөлімдерде жұмыс істейді: ұйымдастыру-әдістемелік және кадр жұмысы бөлімі, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ету және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімі, мемлекеттік құпияны қорғау бойынша бөлімше, ведомстволық мұрағаттардың қызметін үйлестіру және іс жүргізу бөлімі, құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімі, әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бөлімі, каталогтар құру және ақпараттық технологиялар бөлімі, Есіл және Сарыарқа аудандарының жеке құрам бойынша бөлімдері, қаржы-шаруашылық бөлімі.

Жас мұрағатшылар, Мемлекеттік мұрағат қызметкерлері мұрағат ісінің тәжірибесін «Лучшие люди» құрмет белгісінің, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл » мерейтой медалінің, көптеген мақтау қағаздары мен алғыс хаттардың иегері, біздің ардагерлерімізден – әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау бөлімінің меңгерушісі Омарова Дәметкен Николаевнадан, мұрағат қоймасының меңерушісі Даутова Рсалды Рахымжановнадан қабылдайды.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік мұрағатта 1910 жылдан 2014 жылға дейінгі мерзімді қамтитын жалпы көлемі 324 мың сақтау бірлігі бар 668 қор сақталуда.

Онымен қоса, білім, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың құжаттары сақталуда.

Мемлекеттік есепке алу жүйесіне 1917 жылдан 2000 жылға дейінгі партия, комсомол және кәсіподақ ұйымдарының 46,9 мың сақтау бірлігін құрайтын құжаттары интеграцияланды.

Мемлекеттік мұрағат қорының құрамында аса құнды құжаттар бар: ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы Императорлық Қазан университетінде білім алған қазақ студенттерінің жеке істері; 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда өткен Жалпықырғыз съезінің хаттамасы және т.б.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесін тойлау шарасының аясында Мемлекеттік мұрағат соғыс ардагерлерінің жеке құжаттарын мемлекеттік сақтауға қабылдау бойынша акция жариялап, нәтежесінде № 61 қор 25 адамның құжатымен толықты.

83 жеке тұлғалар қорының ішінде қоғам қайраткері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Тәшенов Жұмабек Ахметұлының, Қазақстан Республикасының халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, скрипкашы Айман Мұсаходжаеваның, СССР жазушылар Одағының мүшесі, Қазақ ССР мәдениет қайраткері Андрей Федорович Дубицкийдің қорларын ерекше атауға болады.

Аса құнды мұрағат құжаттарының түпнұсқасын сақтауды қамтамасыз етіп, сақтандыру қорын (пайдалану қоры) құру үшін Мемлекеттік мұрағат қызметкерлері мұрағат қорын цифрлі форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде, оның ішінде шетел мұрағаттарынан табылған қала мен аумақтың тарихына қатысты мұрағаттық құжаттар топтамасы, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке құжаттары бар.

Кез келген зерттеуші Мемлекеттік мұрағаттың оқу залынан өзін қызықтырған құжаттармен танысуы мүмкін. Оны жыл сайын диссертация жазу, мекемелер мен ұйымдардың тарихын, генеалогиялық тамырларын зерттеу үшін 100 ден аса ізденушілер қолданады.

Мемлекеттік мұрағат алыс және жақын шетел мұрағаттарынан құжаттар табу жұмыстарын жүргізе отырып, Ресей Федерациясы Омбы облысының Тарихи мұрағатымен, Тюмень, Томск облыстарының Мемлекетттік мұрағаттарымен, Бішкек қаласының мемлекеттік мұрағатымен (Қырғыз Республикасы), Баларусь Республикасының Ұлттық мұрағатымен келісімдерінің негізінде мұрағатаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуда белсенділік танытуда.

Қоғам талабына сай, мұрағат азаматтар мен заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетіп, олардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 17 сәуіріндегі № 158 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметінің Үлгісіне (бұдан әрі – Үлгі) сәйкес жыл сайын 7 мыңға жуық заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық сұранымдары орындалуда.

Астана қаласы Әкімдігінің Есіл өзенінің сол жағалауындағы қалалық әкімшілік орталықтан мұрағаттың жаңа ғимаратын салуды қолдауы Қазақстан Республикасы астанасы мұрағатының бұдан былай дамуына ықпал етпек. Ақпараттық технологияның дамуы, электронды мұрағат жүйесін жасау және басқа көптеген жоғары деңгейдегі кәсіби қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын жинақтауға, жеке құрам, сақтауды қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыруға сондай-ақ, маңызды мұрағаттық ақпараттарды мемлекет пен қоғамның мүддесіне пайдалануға септігін тигізеді.