Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтында Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы дипломдарды тапсыру.

Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтында Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы дипломдарды тапсыру.

Білім беруді модернизациялаудың, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жалпы әлемдік контексті (жаһандану, ақпараттандыру, мәдени-білім беру ортасы және қоғамның басқа да қажеттіліктері тенденциялары) ескере отырып жоғары деңгейдегі мамандарды қалыптастырудың заманауи шарттары контекстінде астаналық Архивпен Бүкілресейлік құжаттану және архив ісі ғылыми-зерттеу институтымен (Ресей, Мәскеу) бірлесіп қызметкерлердің біліктілігін кезекті арттыруды жүргізді.
Оқытудың осы түрінің мақсаты қызметкерлердің теориялық білім деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көтерілетін практикалық дағдылар мен іскерлікті жетілдіру, кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыны дәйекті жетілдіруге бағыттау, қолда бар кәсіптер бойынша қызметкерлердің шеберлігін арттыру болып табылады.
Курс бағдарламаларында: архив құжаттарымен жұмыстың қазіргі құқықтық және нормативтік-әдістемелік базасы; көп жылдық тәжірибемен дәстүрлі, апробацияланған және сандық технологияларды енгізуге негізделген архив құжаттарымен жұмыстың инновациялық әдістері, электрондық құжаттармен жұмыс істеуді қоса алғанда, архив мекемелерінің жұмысын ұйымдастырудың басқа да өзекті мәселелері қарастырылды.
Сабақтарды негізгі нормативтік құжаттарды: заңдар, МЕМСТ, ережелер, нұсқаулықтар, тізбелер сияқты жоғары білікті мамандар – әзірлеушілер және қазіргі жағдайда архив құжаттарымен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік құралдардың авторлары жүргізді.
Біз күнделікті мұрағат жұмысы мен ғылыми-зерттеу қызметінде қажетті білім, құзыреттілік алдық!