№77 мектеп

№77 мектеп

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, «Казахстанская правда» республикалық газеті мен астаналық мектептермен бірлескен жоба аясында, бүгін №77 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушыларына арналған ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында, оқушылар тарихқа жақындап, қала тарихына және елорда жылнамасында елеулі із қалдырған адамдарға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізе алды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архиві астанадағы тарих оқытушыларын, Архив қабырғасында сабақ өткізуге шақырады. Сабақ өткізуге қатысты сұрақтар бойынша мына нөмір арқылы хабарласа аласыздар: 28-07-41, немесе Әуезов 3 мекен-жайы бойынша.