Жастар жылы

Жастар жылы

Бүгін 10 қазанда Жастар жылына арналған іс-шаралар аясында біздің Архивімізді  “№47 балабақша-мектеп-гимназия” КММ   9,8,7 сынып оқушылары, саны 15 адамға жуық оқушылар келді! Өскелең ұрпаққа тек қала тарихын ғана емес, Архив – ұлттық, мәдени және ғылыми қазына екенін түсіну өте маңызды. Экскурсия барысында балалар біздің оқу залына барып, қажетті ақпарат алды. Ғылыми-зерттеу бөлімінің жоғары ғылыми қызметкері А. Б. Алимбаева “Қала тарихы архив материалдарында” атты баяндама жасады. Ғылыми-зерттеу бөлімінің  қызметкері А. Бектұрсын және  іс-шараларды өткізу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы С. А. Бекетаева экскурсия өткізіп,  белгілі фотожурналист Нұрмұхамад Имамовтың ұлы Ринат Имамов ұсынған, ескі қаланың фотосуреттерін көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар біздің қонақ кітабында пікір қалдырды. Тарихқа қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз және біздің жас қонақтарымызға ары қарай өркендеу мен табыс тілейміз!