ҚР Президент Архивіне 25 жыл

ҚР Президент Архивіне 25 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайырлы кеш, қымбатты достар! Біз ҚР Президенті Архивінің 25 жылдығына орай дөңгелек үстел өткіздік. Іс-шараға аймақтық мемлекеттік архивтердің басшылары,Nazarbaev university,С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің,М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Қазақстан филиалының қызметкерлері қатысты. ҚР Президентінің Архиві “Электронды архив” шеберлік-сыныбын, аса құнды құжаттар коллекциясынан алынған тарихи – құжаттық көрмеге шолу жасады. Біз электронды оқу залының тұсаукесерін өткіздік және архив құжаттарды цифрлау және индекстеу процесін көрсеттік. Іс-шара диалог түрінде жағымды атмосферада өтті, пікірталас барысында архив ісін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, қатысушылар астаналық архивтегі жаңалықтарға қызығушылық танытты. Аяқталғаннан кейін сертификат табыстау рәсімі өтті. Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсеткені үшін барлық серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз! Жаңалықтарды қалмаңыздар!