«Қазақстан чемпиондары»

«Қазақстан чемпиондары»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының архиві «Қазақстан чемпиондары» архивтік қорын толтыру бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіп жатыр және бүгін коллекциямыздың қаһармандары тарихта алғаш рет өзінің спорттық архивін ашатын «Барыс» хоккей клубы.
«Барыс» хоккей клубы – Елордамыз бен Қазақстанның хоккей саласындағы визиткасы. Биыл ұлттық құраманың базалық клубы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. «Барыс» хоккей клубының өкілі Евгений Акманов пен танымал қорғаушы Максим Семенов және орталық шабуылшы Аркадий Шестаков біздің іс-шарамыздың қонақтары болды. BarysFans жанкүйерлері мен 2008 жылғы хоккей мектебінің тәрбиенуші хоккейшілермен бірге қолтаңба сессиясын өткізді, танымал қонақтарға қызықты сұрақтар қойды. Сондай-ақ біз көрменің материалымен таныстық, материалдарының бір бөлігі Қазақстан футбол федерациясының тарихшы-кеңесшісі Станислав Сарсековтың жеке коллекциясынан алынған құжаттар болды!
Біздің қонақтарға, Станислав Сарсековке, хоккей мектебінің тәрбиеленушілеріне, «BarysFans» жанкүйерлеріне, әрине, құрметті қонақтарымыз Максим Семенов пен Аркадий Шестаковқа үлкен алғысымызды білдіреміз!
Жоғары жетістіктегі спорты – бұл отандық патриотизмді, ел мақтанышын және азаматтарды біріктірудің маңызды факторы ретінде спорт индустриясының дамуына күшті ынталандыру!
Қайта кездескенше, достар! Біздің архивіміздің жаңалықтарынан қалмаңыздар!