Құрметті елордамыздың тұрғындары және қонақтары!

Құрметті елордамыздың тұрғындары және қонақтары!

Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, біз Қалдаяқов көшесі, 13 мекен-жайында орналасқан электронды оқу залын ашамыз.
Архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін астаналық архивте құжаттарды цифрлау жұмыстары басталды. Біздің сайтымызда https://nursultan.gosarhiv.kz/ ерекше құнды құжаттардың цифрланған тізімдемелерімен таныса аласыз.
Қазір сайтқа келушілер on-line режимінде өтінім бере алады https://nursultan.gosarhiv.kz/cherry-serv…/online_request-ru / және ашық түрдегі пайдаланушылардың кең ауқымына қол жетімді көптеген пайдалы ақпараттарды таба алады.
Сіз кез келген ыңғайлы уақытты таңдап, сізге ыңғайлы болған кезде жұмыс істей аласыз, Сіз келгенде барлық сұралған материалдар дайын болады!
Архивтің Электронды оқу залы тегін Wi-Fi желісі қызметтерін ұсынады; біздің оқу залында кітаптар кең таңдауда, мұнда қызықты кітаптарды оқуға және парақтауға, Астана мен елдің тарихы туралы көптеген жаңа және қызықты деректерді білуге болады!
Оқу залы компьютерлік техникамен, сканерлермен және принтерлермен жабдықталған, оларды зерттеушілер архив қызметкерінің көмегімен пайдалана алады.
Сондай-ақ архив материалдары негізінде оқыту семинарлары мен дәрістер өткізу үшін архив электронды оқу залының ғимаратында заманауи жабдықталған бөлмені ұсынады.
анықтама телефоны: 28-07-41
Archive new formation-қа қош келдіңіз!