24 қарашада 2017 жылы Астана қаласындағы №47 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Туған өлке танушылар» атты фестиваль-көрмеге құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшылары қатысты. Бөлім қызметкері Елена Кулакова «Көпес Кубриндер құпиялары» атты дәрісті 8-11 сынып оқушыларына оқыды. Дәріс Омбы облыстық Тарихи мұрағатынан әкелінген ХІХ-ХХ ғғ. тарихи және мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған

Оның ішінде: Ақмола СОВДЕП-ының және  жергілікті тұрғындардың сеніміне кірген фирма директоры Матвей Кубрин мен Василий Кубрин серіктестік үлесте екендігі туралы куәлік,  Ақмола СОВДЕП-тің жанындағы тергеу комиссиясындағы В. Кубрин  ісін қарау туралы хат,  Омбы аймақтық сотының шешімі бойынша Ақмола революциялық трибинулының В. Кубринге қатысты қаулысын жоққа шығару туралы шешім, В.Кубриннің үйін Ақмола революциялық трибинулының соты иелігіне беру туралы қаулысы, В.Кубринді алты айға қамауға алу туралы қаулы және бұрынғы Ақмола қаласының фотосуреттері т.б. бар.

Дәріс Омбы облыстық Тарихи мұрағатынан әкелінген ХХ ғ. тарихи және мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған.

Іс-шара  соңында  астананың тарихы бойынша оқушылар мен оқытушылар арасында викторина өткізілді.  Оқушыларға Кубриндердің қала мен болыс экономикасының дамуына өз үлестерін қосқаны, сонымен қатар қоғам және мәдениет саласына  да өзгерістер кіргізгені туралы айтылды.  Осы династияның өкілдері қалалық Думаға депутаттыққа сайланды, әр түрлі комиссияға мүше болды, сол сияқты қайырымдылықпен айналысты. Бір сөзбен айтқанда қала тарихында өздерінің ізін қалдырды.

Мектеп директоры –  Тодераш Ольга Евгеньевна мұрағат қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *