Жастар жылына арналған іс-шаралар

Жастар жылына арналған іс-шаралар

 

 

 

 

Бүгін 19 тамыз күні, Жастар жылына арналған іс-шаралар аясында біздің Архивімізге 15 адам келді, олар Ақылды балалар лагерінің қатысушылары! Өскелең ұрпаққа қала тарихын ғана емес және де Архив-ұлттық, мәдени және ғылыми қазына екенін түсіну маңызды! Экскурсия барысында балалар “Көпес Василий Кубриннің үйі” мәдениет ескерткішіне барды, “Ескі қаланың әңгімелері:1941-1945 жж.” квестін дайындау үшін Ұлы Отан соғысы кезіндегі ескі қаланың ғимараттарының тарихын баяндайтын қажетті ақпараттар алды! Ғылыми-зерттеу бөлімінің аға қызметкері А.Б. Алимбаева “Ақмолалықтар майданда және тылда” атты баяндама жасады, іс-шараны өткізу және ақпараттық – түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы С. А. Бекетаева “Елорда жылнамасына өз атыңды енгіз” акциясының қатысушы Қайыржан Тикшекеевтің бірегей архивтік құжаттарын – майдан кезіндегі латиницада жазылған хаттарын көрсетті. Біздің жас қонақтарымызға тарихқа деген қызығушылық танытқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз және сіздерге ары қарай үлкен табысқа жетіп, тарихтың биік шыңдарынан көрінулеріңізді тілейміз!