С. Сәпиевтің жеке қорының ашылуы

С. Сәпиевтің жеке қорының ашылуы

Әлемдік аренада қазақстандық спорттың қалыптасуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан спортшылардың құжаттары негізінде «Қазақстан чемпиондары» атты архивтік топтамасының ашылуы.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт қайраткері, 2005 және 2007 жылдардағы әлем чемпионы Серік Жұманғалиұлы Сәпиевтің жеке қорының тұсаукесері өтті.
Ашылу салтанатына арнайы келген Республикалық және Халықаралық конкурстарының лауриаты «ДОСТАР» қазіргі заман вокал мектебінің оқушыларының орындауында «Шаттанайық достар» әні орындалды.
Серік Сәпиев — әуесқой боксшы, 2012 жылғы Олимпиада чемпионы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2012 жылғы Вэл Баркер кубогының иегері. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.
Бүгінгі жеке қордың ашылуы аясында көрме ұйымдастырылып, мұнда Қазақстан чемпионы Серік Сәпиевтің қалыптасу жолын баяндайтын материалдар ұсынылды.
Алғы сөз «Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің директоры Бектембаев Мейрам Еркенұлына берілді.
Жеке қордың ашылу салтанатына арнайы келген «Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы» басшысының орынбасары Маржықпаев Берік Боромбайұлы да сөз сөйледі.
Сөңғы сөзді Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт қайраткері, Олимпиада чемпионы, Еліміздің мақтанышы — Серік Жұманғалиұлы Сәпиевтің өзіне берілді.
«ДОСТАР» қазіргі заман вокал мектебінің оқушылары «We are the world» әнін орындады.
Бұл көрмеде Серік Сәпиевтің көптеген марапаттары, соның ішінде 2006 жылы Азия ойындарында ұтып алған Қола медалі, 2009 жылы «One Word One Dream» (Азия Чемпионатында) ұтып алған Алтын медалі, Дипломдары, Сертификаттары, Алғыс хаттары мен Халықаралык марапаттары сыңды 300 ден аса материалдары қала арxивіне өткізілді.
Көрмені тамашалап болған соң, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт қайраткері Серік Сәпиев жанкүйерлерге қол таңбасын таратып, естелікке фотосуретке түсті.

Жаңалығы Inform.kz

[gmedia id=132]