Елорданың 20 жылдығына орай Астана қаласының Мемлекеттік архивіндегі көрме залында «Астана: өткені мен бүгіні» атты көрме көпшіліктің назарына ұсынылды.

Елорданың 20 жылдығына орай Астана қаласының Мемлекеттік архивіндегі көрме залында «Астана: өткені мен бүгіні» атты көрме көпшіліктің назарына ұсынылды.

Онда бірнеше бөлімдерден тұратын, бас шаһардың тарихын баяндаған құнды құжаттар қойылған. Архив басшылығы ұйымдастырған мәдени іс-шараға  Астана қаласының 1998, 1999, 2001, 2004 жылдарындағы әлеуметтік дамуын сондай-ақ, 1998 жылдан бүгінге дейінгі қала әкімдерінің қызметі жайлы жан-жақты ақпараттарды қамтыған. Көрмеге архив қорындағы құжаттар мен сан ғасырлық Астананың тарихы бейнеленген фотосуреттер пайдаланылған.

Көрме 2018 жылдың 18 шілдесінде «Ведомстволық архивтердің қызметін үйлестіру және іс жүргізу, құжаттарды жариялау , пайдалану» бөлімінің қызметкерлері М.Алшынбаева мен Г.Муканова көрмені таныстырып, экскурсия жүргізді. Көрме соңы архив саласында елеулі еңбек еткен қызметкерлерді марапаттау салтанатына ұласты. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құжаттардың сақталуын, мемлекеттік есепке алуын қамтамасыз ету және ҒАА» бөлімінің қызметкерлері Г. Балтабекова мен Р. Даутова «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Марапаттау сәтінде архив директоры А. Көкбас әріптестерінің жұмысына толағай табыс тілей отырып, Астананың мерейлі мерекесімен құттықтады.

                    

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *