2018 жылғы 27 сәуірде Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Астана қаласының Мемлекеттік архивінде Ұлы Жеңіс күніне арналған Санкт-Петербург қаласы Пискарев Мемориалдық кешенінің қызметкерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және тыл жұмысына қатысушылармен кездесу өткізілді.

2018 жылғы 27 сәуірде Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Астана қаласының Мемлекеттік архивінде Ұлы Жеңіс күніне арналған Санкт-Петербург қаласы Пискарев Мемориалдық кешенінің қызметкерлері,  Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен  және тыл жұмысына қатысушылармен кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты: біздің еліміздің азаматтарына патриоттық, ізгілік және рухани тәрбие беруде мемлекеттік архив басқа мемлекеттік мекеме өкілдерімен, ғалымдарымен, республикалық білім мекемелерінің оқушыларымен бірігіп, мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан халықтарының достығын, мемлекеттілігін нығайтуды көздейді және қоғамның біртұтастығын сақтауда негізгі құндылықтарға көңіл аударады: ол – тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім.

Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Ресей Федарациясы елшілігінің өкілдері, Санкт-Петербург қаласы Пискарев Мемориалдық кешенінің қызметкерлері, Ресей ғылым және мәдениет орталығының өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің қызметкерлері және Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері, «Жас ұлан»  мектебінің ұландары, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары және т.б. қатысты.

Аталған іс-шараға арналған «Ұлы Жеңіс» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге алғаш рет Санкт-Петербург қаласы Пискарев Мемориалдық кешені, Қазақстан Республикасы Президент Архиві және Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қорларынан бірегей құжаттар қойылды. Оның ішінде: 630 мыңнан астам қайтыс болған қала тұрғындарының, әскерлердің және офицерлердің есімдерінің тізімі, ҚазССР-іне соғыс жылдары эвакуация кезінде келген мекемелер мен оқу орындарының тізімі және т.б.

Пискарев Мемориалдық кешені директорының орынбасары Юскаев Рустам Нуруллаевич Астана қаласының Мемлекеттік архиві қорына соғыс кезінде Ленинград территориясында қайтыс болған қазақстандықтардың тізімі мен Ленинград блокадасы туралы кітаптарды сыйға тартты.

Іс-шара барысында соғыс кезіндегі әскери әндер орындалды, Ұлы Отан соғысы туралы бейнефильм және соғыс кезіндегі жәдігерлер көрсетілді.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *