Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының Қарағанды облысының Мемлекеттік архивінде Елорданың 20 жылдығына арналған фото-деректі көрменің ашылуы

Астана қаласы   Мемлекеттік мұрағатының    Қарағанды облысының  Мемлекеттік архивінде  Елорданың 20 жылдығына арналған  фото-деректі  көрменің ашылуы

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен, 2018 жылғы 28 ақпанда  еліміздің елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында Қарағанды облысының   Мемлекеттік архивінде фото-деректі көрменің тұсаукесерін өткізді.

Көрменің мақсаты – астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру тарихын және жаңа елорданың салынуын көрсететін құжаттармен көрме қонақтарын таныстыру. Көрмеде қаланың салынуы туралы материалдар,  «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы және басқа да қызықты құжаттар ұсынылды.

Көрменің жарқын тұсы – Астананың бірінші әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің жеке қорынан алынган құжаттар және орталық органдардың көшірілуі бойынша мемлекеттік комиссиясының төрағасы Ф.Х.Галимовтің жеке қорынан алынған бірегей фотоматериалдар  болып табылды.

Жас астананың дамуын фотокорреспонденттер В.В. Крась, И.Ф. Бургандинов, В.А. Куриловтың  құжаттарынан алынған фотоматериалдар  бейнелейді.

Мұрағаттық құжаттарға  қосымша ретінде Астана қаласы әкімдігіне  шетел делегацияларының атынан берілген сыйкәделер мен сыйлықтар көрермен назарларына ұсынылды.

Көрмемен қатар, тақырыпқа қатысты дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды. Оған Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.М. Ағымбаев, Қарағанды облысының әкім кеңесшісі Р.К. Омарбекова, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы             Р.О. Байжанов, архив және мұражай қызметкерлері, ардагерлер Кеңесінің өкілдері, Қарағанды қаласының № 93 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Сапар барысында Астана мұарағатшылары Қарағанды облысы архивінің жұмысымен танысып, мұрағат саласындағы және заңдылық – құқықтық сұрақтар  бойынша  тәжірибе алмасты.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *