26 ақпанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының оқу залында Еуразия Ұлттық университетінің «Тарих» мамандығы бойынша 2 курс магистранттарына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Елена Кулакова «Депортация ингушского народа» тақырыбында көрмеге байланысты дәріс өткізді

Мұрағаттың жеке қоржасақтаушы құжаттарының үлкен ғылыми, тарихи-мәдени мәні бар. Тарихи дерек ретінде бұл құжаттардың ерекшелігі шынайы өмірдің оқиғалары мен фактілерінің куәгерлері ретінде тұлғалар немесе қатысушылар нақты оқиғаларынан хабар береді.

26 ақпанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының оқу залында Еуразия Ұлттық университетінің «Тарих» мамандығы бойынша 2 курс магистранттарына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Елена Кулакова «Депортация ингушского народа» тақырыбында көрмеге байланысты дәріс өткізді.

Дәріс тұлғаның қызметінің дамуы, өмірбаяны, еңбек кезеңдері, «Вайнах» этномәдени орталығының құрылуы бойынша баяндалды.

Көрмеге келесідей мұрағат құжаттары қойылды: Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары жазған «Северный Казахстан как регион политических репрессий и депортаций народов СССР»; Ингушетия Республикасының Мемлекеттік мұрағаты қорынан алынған, көптеген жылдар бойы  «құпия» және «аса құпия» деген таңба тұрған құжаттар. Олардың ішінде – КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының жер аударушыларды станцияларда қабылдап, орналастыру туралы баянжазбалар, анықтамалар, жеделхаттар, сонымен қатар, С.С.Героевтың жеке қорынан алынған журнал, газет мақалалары,  фотоқұжаттары. 2018 жылы Салман Сайдарович 80 жасқа толады.

Дәріс барысында магистранттар сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *