9 ақпанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының көрме залында құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Гүлзифа Муканова № 62 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушыларына «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты көрмеге экскурсия жүргізді

1992 ж. Целиноград Ақмола болып өзгертілді. 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстанның елордасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы қабылданды. Ал 1997 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев астананы көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Көрменің экспозициясындағы ерекше орынды Астананың көшіру кезеңдері туралы құжаттар алады. Оқушылар назарына жоғарғы және орталық мемлекеттік органдардың передислокациясы, көшіру бойынша Мемлекеттік комиссия, алғашқы ведомстволардың қызметкерлерін көшіру, арнайы экономикалық аймақтың құрылуы, жаңа астананың дамуы сияқты құжаттар, фотоматериалдар  ұсынылды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *