2018 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында жауынгер-интернационалистерді еске алу күні ретінде аталып өтетін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған тарихи күні – 15 ақпан күні қарсаңында, жауынгер-интернационалистермен, Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға және шиеленіс ошақтарындағы жергілікті соғысқа қатысушыларымен кездесу өтті

2018 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында жауынгер-интернационалистерді еске алу күні ретінде аталып өтетін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған тарихи күні  – 15 ақпан күні қарсаңында, жауынгер-интернационалистермен, Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға және шиеленіс ошақтарындағы жергілікті соғысқа қатысушыларымен кездесу өтті

Ауған соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кеңес сарбаздары мен офицерлері қатысқан ірі қарулы шиеленіс болды.

1979 жылғы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси Бюросының кезекті отырысында Ауғанстанға интернационалдық көмек көрсету үшін кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылданды.

Ауған соғысы тоғыз жылдан астам уақытқа созылды, нақтырақ айтсақ,  9 жыл 1 ай 19 күн. Осы уақыт ішінде Ауғанстан жерінде Кеңес үкіметінің 620 мың әскери қызметкерлері өздерінің әскери борышын өтеді. Қазақстаннан Ауған соғысына 22269 адам қатысып, олардың 924-і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды. Бүгінгі таңда елімізде 10000-ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар. Олардың үш мыңдайы мүгедектер қатарында.

Іс-шараға Ауғанстандағы әскери іс-қимылдарға қатысқан жауынгерлер, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК бас директорының орынбасары, генерал-майор Нагуманов Серік Сералыұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы, Астана қаласы Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері Одағының төрағасы Кенжебеков Серік Мүбаракұлы және басқа соғыс ардагерлері, қаза тапқан жауынгер-интернационалистердің аналары Ким Надежда Михайловна және Халявка Нина Федоровна, жауынгер-интернационалист Жанайдар Жирентаевтың жесірі Назкен Мүсірепжанқызы, тарихшы Сүлейменов Арман Мұратұлы, елорданың мұрағатшылары, қоғам өкілдері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранттары, Астана қаласының № 64 мектеп-лицейдің оқушылары қатысты.

Сонымен қатар, Ауған соғысынан сыр шертетін мұрағат қорларындағы фотоқұжаттар, газет мақалалары, заттардың экспозициясынан кішігірім көрме ұйымдастырылды.

Іс-шара әңгіме түрінде өтті. Ауғанстан соғысындағы қызметі жайлы жауынгер-интернационалистердің әңгімелері қатысушылар арасында үлкен қызығушылық туғызды. Қонақтар алдында Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ғалия Рамазанова және Астана қаласының № 64 мектеп- лицейінің 7 сынып оқушысы Бекарыс Байбөрінов патриоттық ән шырқады.

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатына Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлері Одағынан жауынгер-интернационалистердің ең алғашқы қалпындағы сұхбаты мен жеке мұрағаттан фотосуреттер жинақталған  «Памятник из пламени Афганистана» үш томдығы сыйға берілді.

Қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді еске алу құрметіне кездесу қонақтары 1 минуттық үнсіздікпен тағзым етті.

Қонақтарға кездесу соңында «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты көрме бойынша экскурсия жүргізілді.

 

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *