9 ақпанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының көрме залында құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Гүлзифа Муканова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Тарих» мамандығының 2 курс магистранттарына «Тоғыз жолдың торабындағы Астана» атты көрмеге экскурсия жүргізді

Магистранттардың назарына Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты, сондай-ақ, ұлттық мұрағат пен орталық мемлекеттік мұрағаттың құжаттары, кітаптары және фотоматериалдар ұсынылды. Көрменің экспозициясы елорданың құрылуы мен дамуының маңызды кезеңдерін көрсетеді.

Олардың ішінде: Н.Назарбаевтың 1994 ж 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің елорданы көшіру туралы қаулысы, Президенттің Ақмолаға келген сәті, елорданың бірінші әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтың жеке құжаттары, жоғары және орталық мемлекеттік органдар көшіру бойынша мемлекеттік комиссияның құжаттары, Ақмола қаласын 1997 жылғы 20 қазан ҚР астанасы ретінде жариялау Жарлығы, Ақмола қаласының арнайы экономикалық аймақтың құруы туралы материалдар, астананы әрі қарай дамытуға арналған фотоқұжаттар.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *