2018 жылғы 17 қаңтарда құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Гүлзифа Мұқанова «Астананың қалыптасу тарихы» тақырыбында № 15 мектеп-лицейде 8 сынып оқушыларына дәріс-көрме өткізді

2018 жылғы 17 қаңтарда құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Гүлзифа Мұқанова «Астананың қалыптасу тарихы» тақырыбында № 15 мектеп-лицейде 8 сынып оқушыларына дәріс-көрме өткізді

Дәрістің мақсаты: қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жандандыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елорданың Алматы қаласынан Астанаға көшірілуіне 20 жыл толуына байланысты қаланың тарихынан сыр шертетін тарихи құжаттар, кітаптар және фотоқұжаттар туралы мол мәлімет беру және Мемлекеттік мұрағатта ғылыми жұмыстар бойынша зерттеу жүргізуге бағыт көрсету.

Дәріс кішігірім көрме түрінде өткізілді,  көрмеге ХІХ-ХХ ғасырларды қамтитын құжаттардың көшірмелері ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар назарына елордамыздың түпкі атасы – VII – XVI/ XVII ғғ. Бозоқ қалашығынан бастап, Қазақстанның астаналары, Ақмола бекінісі, Целиноград –  Ақмола – Астана қаласының кезеңдерін суреттейтін «Астана тарихы» атты слайд ұсынылды. Дәріс нәтижесінде оқушылар сауалдарына жауап алып, дәрістің қызықты өткеніне алғысын білдірді.

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *