2017 жылы 22 желтоқсан күні құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Муканова Астана қаласының № 38 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Шоқан Уәлиханов – алғашқы ғалым» тақырыбында дәріс өткізді

2017 жылы 22 желтоқсан күні құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Муканова Астана қаласының № 38 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Шоқан Уәлиханов – алғашқы ғалым» тақырыбында дәріс өткізді

Дәрістің мақсаты: Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы ақпарат беру және архив құжаттарымен таныстыру.

Шоқан (Мұхаммед Қанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов (18351865) –  қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың көрнекті ағартушысы,  шығыстанушытарихшыэтнографгеограф және фольклоршы. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының 430 қорында Омбы (1907-1913) кадет корпусының түлегі Шоқан Уәлихановтың құжаттары Ресей Федерациясының Омбы Тарихи мұрағатынан анықталып әкелінген. Батыс Сібір генерал губернаторы Гасфорттың адъютанты қызметін атқара жүріп, Шоқан Уәлиханов Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласады.

1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге СемейАягөз, Қапал арқылы Алматыға барған сапарында «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» т.б. еңбектерін жазады, 1856 жылы полковник   М.М. Хоментовскийдің басқаруымен әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясынан әлемдегі ең ұзын эпосы ретінде танылған қырғыздардың «Манас» эпосының «Көкетай ханның ертегісі» жырын жазып алады. Сапарларынан жинаған материалдарынан, зерттеулерінен «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» деген еңбектері туындайды.

1858-1859 жылдары сол кезеңде Ресей мемлекеті тарапынан зерттелмеген Қашғарияға саудагер ретінде сапар шегіп, саяси, экономикалық құрылымын, тарихы мен этнографиясы жайлы мәліметтер жинап, зерттейді. Нәтижесінде «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан Лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегін Ресей шығыстанушылары және шетелде Шоқан Уәлихановтың Орта Азия мен Қазақстан халықтары өмірін жетік зерттегенін жоғары бағалады.

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *