2017 жылғы 22 желтоқсан күні Сарыарқа ауданының жеке құрам жөніндегі бөлім басшысы Исмадиева Разия Амангелдіқызы мұрағат қызметкерлеріне «Целиноградтяжстрой» тресі» атты құжаттық көрме және дәріс өткізді. Мұрағат қызметкерлері назарына тресттің құрылу мен қызметінің қысқаша тарихы ұсынылды

2017 жылғы 22 желтоқсан күні Сарыарқа ауданының жеке құрам жөніндегі бөлім басшысы Исмадиева Разия Амангелдіқызы мұрағат қызметкерлеріне «Целиноградтяжстрой» тресі» атты құжаттық көрме және дәріс өткізді. Мұрағат қызметкерлері назарына тресттің құрылу мен қызметінің қысқаша тарихы ұсынылды

«Целиноградтяжстрой» тресі 1972 жылғы 20 қарашадағы Қазақ КСР-нің ауыр индустрия кәсіпорны құрылысы Министрлігінің № 105-ОС және 1973 жылғы                     2 қаңтардағы «Целиноградстрой» мен  «Целиноградпромстрой» трестерін біріктіру туралы № 2 бұйрығы бойынша  1973 жылдан бастап құрылды.

«Целиноградтяжстрой» тресі территориялық типтегі кәсіпорын болып табылады және 13 ұйым, кәсіпорын және мекемелерден құралған (Проммашстрой, Проминдустрой, Жилстрой т.б. құрылыс басқармалары)

Трест жанында құрамында 13 адам бар президиум басқарған Ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істеді.

Жұмыстағы жетістіктерге жеткені үшін қызметкерлер «КСРО-ның ауыр индустрия Министрлігінің социалистік жарыс үздігі», «9-шы бесжылдықтың екпіндісі» белгілерімен, «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы» т.б. атақтарға ие болды, құрмет грамоталарымен марапатталды, тресттің құрмет тақтасы мен құрмет кітабына енгізілді.

Трест тұрғын үйлер, ауруханалар, балабақшалар, мектептер салды, сонымен қатар қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласты. Трест жанында жасақталған студенттік құрылыс отрядтары «Степняк», «Заречный», «Воздвиженский» т.б. кеңшарлардағы құрылыс объектілерін салуға тартылды.

Трестте әр жылдары Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Мещеряков Николай Ильич, Лютов Владимир Викторович, Героев Салман Сайдарович т.б. еңбектенді. 1993 жылғы 29 желтоқсанда «Целиноградтяжстрой» «Ақмоластрой» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

 

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *