2017 жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының Құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Ш. Кенжалина Қаржы Академиясының 1 курс студенттері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Тәуелсіздік - тағдырым» тақырыбында дәріс оқыды

Дәрістің мақсаты: Тәуелсіз гүлденген демократиялық мемлекетіміздің дамуына  Президентіміз Н. Назарбаевтың тарихи рөлін түсіндіру, жас ұрпақты патриоттық және азаматтылық рухта, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Студенттер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Н. Назарбаевтың өмір жолы мен тәуелсіз Қазақстанның тарихымен таныстырылды.

Сонымен қатар, 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңы қабылданып, оның тарихи маңызы түсіндірілді.

Осы 26 жыл ішінде мемлекетіміздің барлық саласында, оның ішінде: саясатта, экономикада, мәдениетте бірқатар ірі реформалар жүргізіп, әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алып та үлгерді.

Біздің тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен тағы да бір жетістігіміз – елімізде тұратын бірнеше ұлт өкілдерінің арасындағы татулық пен келісім, достық пен өзара түсінушілік орын алып, бар әлемге тату-тәтті өмір сүрудің оң үлгі-өнегесін таныту болып табылады.

Өз кезегінде, студенттер қауымы Қазақстанымыз одан да әрі дами түсетініне сенімдіктерін білдіріп, болашақта оның өркендеуіне бар күш-жігерлері мен білімдерін қолдана отырып, өз үлестерін қосатындықтарын жеткізді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *