2017 жылдың 13 желтоқсанында «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде қызметкерлер аттестаттаудан өтті

2017 жылдың 13 желтоқсанында «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде қызметкерлер аттестаттаудан өтті

Аттестаттауды жүргізу үшін комиссия құрылды. Оның құрамына мұрағат басшылығы, мұрағат құрылымдарының басшылары, сондай-ақ Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қоғамдық бірлестігінің өкілдері кірді.

Аттестаттаудың мақсаты  кәсіби және біліктілік даярлықтың, қызметкердің іскерлік қабілетінің деңгейін анықтау, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілік санаттарының деңгейін анықтау.

Аттестациялық сынақ 2 кезеңде өтті: тестілеу және әңгімелесу. Негізгі сұрақтар бөлігі мұрағаттық құжаттарды есепке алу мен оларды сақтау, мұрағат қызметін реттейтін заңнамаларына қатысты болды.

Сонымен бірге, Еңбек заңнамасы бойынша білімдері тексерілді.

Аттестаттаудың нәтижесі бойынша қызметкерлердің жоғары деңгейде білімдері мен кәсіби даярлығын көрсетіп, сәтті тестілеу мен әңгімелесуден өтті.

Аттестациялық комиссия біліктілікті арттыру курстарынан өткізуді жоспарлау ұсынды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *