Аттестаттауды жүргізу үшін комиссия құрылды. Оның құрамына мұрағат басшылығы, мұрағат құрылымдарының басшылары, сондай-ақ Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының қоғамдық бірлестігінің өкілдері кірді.
Аттестаттаудың мақсаты кәсіби және біліктілік даярлықтың, қызметкердің іскерлік қабілетінің деңгейін анықтау, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілік санаттарының деңгейін анықтау.
Аттестациялық сынақ 2 кезеңде өтті: тестілеу және әңгімелесу. Негізгі сұрақтар бөлігі мұрағаттық құжаттарды есепке алу мен оларды сақтау, мұрағат қызметін реттейтін заңнамаларына қатысты болды.
Сонымен бірге, Еңбек заңнамасы бойынша білімдері тексерілді.
Аттестаттаудың нәтижесі бойынша қызметкерлердің жоғары деңгейде білімдері мен кәсіби даярлығын көрсетіп, сәтті тестілеу мен әңгімелесуден өтті.
Аттестациялық комиссия біліктілікті арттыру курстарынан өткізуді жоспарлау ұсынды.