2017 жылғы 15 желтоқсан күні Астана қаласының № 64 мектеп-лицейінің 8 және 9 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Мұқанова «Ұлы Отан соғысына қатысқан ақмолалықтар» тақырыбында дәріс жүргізді

Дәрістің мақсаты: Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорында сақталған құнды құжаттармен таныстыру. Оларға деген қызығушылықты арттыру.

Дәріс Астана қаласының Мемлекеттік мұрағат қорындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке қорлары, құжаттар топтамасы,  Ресей Федерациясы Подольск қаласындағы Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатынан анықталған 1941-1945 жылдарды қамтитын тарихи және мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған. Оның ішінде Ақмолада құрылған 4 дивизияның, құрамындағы ақмолалық жауынгерлердің, Кеңес Одағының батырлары С.Нұрмағамбетов, М. Ғабдуллин, Р.Қошқарбаев, Т. Бигелдиновтың жеке құжаттары және т.б. бар. Сонымен бірге оқушылар назарына «Ұлы Отан соғысына қатысқан ақмолалықтар» атты слайд ұсынылды және соғыс кезінде салынған суреттер, батырларымыздың фотоқұжаттары көрсетілді.

Дәріс үстінде соғысқа қатысқан ардагерлер, әскери құрамалардың соғыс қимылдары туралы сұрақтар қойылып, оқушыларға толық жауап қайтарылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *