Н. Сабильянов 1962 жылғы 1 маусымда Семей облысы, Аягөз ауданы, Шынқожа ауылында дүниеге келді. Алматы қаласында өткен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына белсенді қатысқан. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Іс-шараға Астана қаласының №7,15 мектептерінің оқушылары мен мұрағат қызметкерлері қатысты.
Нұртай Сабильяновтің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары және депутаттық жұмысы туралы дөнгелек стол басында айтқан әңгімесі қызықты да мағыналы болды. Астананың №7 орта мектебінің оқушысы Айдана Мырзабек М. Шахановтың «Лаула, лаула, желтоқансаным», ал Кылычқызы Айдана өзі шығарған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған өлеңдерін оқып берді.