2017 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында елорданың 20 жылдығына арналған «Астана – бас қалам» атты қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

2017 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында елорданың    20 жылдығына арналған «Астана – бас қалам» атты қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың Астананың құрылуы мен дамуы тарихына деген қызығушылығын арттырып, олардың отансүйгіштік қасиеттерін ояту болып табылады.

Байқаудың негізгі міндеттері:

— оқушыларды Астананың тарихына назарларын аудару, Қазақстан елордасының тарихына қатысты жаңа мұрағаттық құжаттарды анықтау, жастардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тарихи маңызы бар құжаттармен Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорын толтыру болып саналады, оған қоса,  Қазақстан Тәуелсіздігі кезеңіндегі мұрағаттық құжаттарды анықтау.

Қалалық байқаудың қорытындысы бес номинация бойынша өткізілді.

  1. «Астана туралы үздік әңгіме» номинациясы;
  2. «Астана келбеті» номинациясы;
  3. «Қаланың байырғы тұрғындарымен сұхбат» номинациясы;
  4. «Астананың нышанды ғимараттарына саяхат» номинациясы;
  5. «Жеке мұрағаттан» номинациясы.

Конкурстың қорытындысы бойынша осы аталған номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Жұмыстардың арасында үздік деп мыналар танылды:

  1. «Астана туралы үздік әңгіме» номинациясы бойынша — Л. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің студенті Лилия Исмагамбетова.
  2. «Астана келбеті» номинациясы бойынша — Ғ. Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясының оқушысы Любовь Павлюк.
  3. «Қаланың байырғы тұрғындарымен сұхбат» номинациясы бойынша — «Столичный» лицейінің оқушысы Яна Бугаева.
  4. «Астананың нышанды ғимараттарына саяхат» номинациясы бойынша:

1 орын — № 48 мектеп-лицейінің оқушысы Олжас Есен;

2 орын — № 4 мектеп-гимназиясының оқушысы Шұғыла Сапарбек марапатталды.

  1. «Жеке мұрағаттан» номинациясы бойынша:

     1 орын — № 35 мектеп-лицейінің оқушысы Игорь Иванов;

     2 орын – Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебінің оқушысы

     Алина Клименко;

3 орын — № 31 мектеп-гимназиясының оқушысы Дарья Лях марапатталды.

Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары, сонымен қатар, олардың жетекшілері естелік кәдесыйлармен және грамоталармен марапатталды.

Іс-шараға қалалық мектептер мен колледждердің оқушылары, олардың жетекшілері, мұрағат қызметкерлері мен қоғам өкілдері қатысты.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *