8 желтоқсанда 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласындағы № 15 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушыларына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Бақыт Балтабаева «Кенесары Қасымов - дипломат» атты дәріс оқыды

Дәріс Омбы облыстық тарихи мұрағатынан әкелінген ХХ ғ. тарихи және мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған, оның ішінде: Кенесары Қасымовтың Қорғалжынға жасаған жорығы туралы баян хат, Кенесары Қасымов сұлтан басқарған қазақ (қырғыз) көтерілісінің қозғалысын бақылау ісі, Кенесары Қасымовты іздестіру және жазалау туралы Орынбор өлкелік Бас әскери штабтың №1184 ісі, Сібір корпусының командирі князь Горчаковқа Сібір қазақ (қырғыз) шекарасының бастығы Вишняковскийдің Кенесары Қасымов сұлтанмен шайқасып қалғаны туралы жіберген баян хаты және т.б.

Дәріс барысында тақырып бойынша сұрақтар қойылды және оған құжаттық  куәландыратын деректермен жауап берілді.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *