6 желтоқсанда 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласындағы Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясының 8 «в», 8 «г», 8 «д» сынып оқушыларына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Елена Кулакова «От Акмолы до Астаны» атты дәріс оқыды

Дәріс  ХІХ-ХХІ  ғасырлар тарихи және мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған, оның ішінде  Ақмола қамалы, станица, уезд, дуан, губерния, қала, астана туралы  материалдар. Оқушылардың назарлары жаңа Астана да өткізіліп жатқан ірі шараларға бағытталды. Сонымен қатар оқушылардың  назарына өлкетанушы, жазушы, қаланың Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының  ардагері, бұрынғы №4 мектептің мұғалімі Андрей Федорович Дубицкийдің «Город на Ишиме», «Пройдемся по улицам Целинограда», «Акмола – города славный» атты кітаптарын ұсынды. Лекция барысында  «Астана: өткені, бүгіні»  атты бейнефильм көрсетілді.

Дәріс барысында оқушылар сұрақтар қойды және оған нақты жауаптарын алды. Дәріс соңында оқушылар мен директордың ғылым жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Төлеуқызы Смагұлова лекторға өздерінің алғыстарын білдірді, сол сияқты Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының белсенді зерттеушілері болатындығын айтты.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *