2017 жылы 23 қарашада «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ қызметкерлері М.Құрманғалиева мен Г.Әбдіразақова «Астана: өткені мен бүгіні» (Ресей Федерациясының Омбы, Томбы, Орынбор Мемлекеттік мұрағаттарынан және Қорғаныс министрлігі Орталық мұрағатынан айқындалған мұрағаттық құжаттар негізінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы ЕЦ-166/1 мекемесінің жеке құрамы мен қылмыс жазасын өтеушілерге көрмелік шолу дәрісін өткізді

Аталмыш шара Алматыдан Ақмола қаласына, қазіргі Астана қаласына ауысуы туралы.

Шара барысында Ақмола қаласының тарихынан сыр шертетін мұрағаттық құжаттар мен экспонаттар ұсынылды. Сонымен қатар құжаттар жинақтары, буклеттер және алыс-жақын шетел делегациялары сыйға тартқан кәдесый экспонаттары көрмеге қойылды.

Сондай-ақ, мұрағат қызметкерлері Ақмола қаласының пайда болуы мен қалыптасу тарихын хбелгілі өлкетанушы, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері, мұрағат қор жасақтаушысы А.Ф.Дубицкийдің еңбектерінің негізінде баяндап берді.

Дәріс барысында «Астана бүгіні…» фотоқұжаттық көрмесі және аталған тақырып бойынша бейне материалдары ұсынылды.

Кездесу тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудыра отырып, сұрақ-жауап түрінде диалог жүргізілді.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *