2017 жылы 16 қараша күні Астана қаласының Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Муканова «Ақмола – тың игеру орталығы» тақырыбында дәріс жүргізді

Дәрістің мақсаты: Шараның негізгі мақсаты – Астана қаласы Мемлекеттік мұрағат қорының құжаттарына оқушылардың назарын аудару, жас ұрпаққа еңбек энтузиазмы мен болашаққа деген сенім, қиындыққа қарсы тұру мен достық туралы жеріне жеткізе сыр шерту.

Оқушылар назарына Социалистік Еңбек Ерлері С.А.Есенжолова, Л.М.Картаузов, В.П.Щербаков, М.Г.Даутов,  Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.А.Балян, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Н.В.Геллерт, экономика ғылымдарының доқторы, профессор, Қазақ  КСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер  М.А.Гендельман секілді алғашқы  тың игерушілердің құнды да мағыналы құжаттары ұсынылды.

Дәріс үстінде тың игерушілер туралы сұрақтар қойылып, оқушыларға толық жауап айтылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *