2017 жылы 9 қараша күні Астана қаласының № 27 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Муканова «Ұлы Отан соғысына қатысқан ақмолалықтар» тақырыбында дәріс жүргізді

Дәрістің мақсаты: Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорында сақталған құнды құжаттармен таныстыру. Оларға деген қызығушылықты арттыру.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақмолада төрт әскери құрамалар мен олардың штабтары жасақталды. Олар 310-шы, 387-ші, 29-шы атқыштар және 106-шы атты әскер дивизиялары. Соғыстың қиын-қыстау күндерінде бұл дивизиялар майданның ауыр учаскелеріне жіберілді. Ақмола өңірінен Отан қорғауға 9783 жауынгерлердің 7414-і ұрыс даласында қаза тапты.

Дәріс Ресей Федерациясы Подольск қаласындағы Қорғаныс министрлігі мұрағатынан әкелінген 1941-1945 жылдарды қамтитын тарихи және мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған, оның ішінде  М. Ғабдуллин, Р.Қошқарбаев, Т. Бигелдиновтың жеке құжаттары және т.б. бар. Сонымен қатар оқушылар назарына «Ұлы Отан соғысы» атты слайд ұсынылды және соғыс кезінде салынған суреттер көрсетілді.

Дәріс үстінде дивизиялардың әскери қимылдары, соғысқа қатысқан ардагерлер туралы сұрақтар қойылып, оқушыларға толық жауап айтылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *