«Казахсельмаш» зауыты қоры құжаттарындағы 40-60 жылдардағы тарихи көріністер» атты көрме

«Казахсельмаш» зауыты қоры құжаттарындағы 40-60 жылдардағы тарихи көріністер» атты көрме

Ағымдағы жылдың 27 қазанында «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» ММ Алматы ауданы бойынша жеке құрам бөлімі  «Казахсельмаш» Зауыты қоры құжаттарындағы 40-60 жылдардағы тарихи көріністер» атты құжаттық көрме ұйымдастырды. Көрме қонақтары ретінде Астана қаласының № 24 мектеп оқушылары қатысты.

Көрме жұмысына аталмыш зауыттың жұмыскері, еңбек ардагері Эйсенгард Арнольд Владимирович қатысып оқушылармен зауыттағы атқарған қызметі жөнінде, өндірілген өнімдер жөнінде, ұйым қабырғасындағы түрлі курстар және сол сияқты басқа да қызықты ақпараттармен бөлісті.

Көрмеде Ұлы Отан Соғысы және тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы тарихи құжаттар мен 1942 жылы 07 маусымда ССР Одағы  Кеңеснаркомының үкімі негізінде құрылып, 1946 жылға дейін оның құрамына бағынышты болған «Казахсельмаш» Зауытының даму кезеңдеріне қатысты құжаттар көрсетілді.

1943 жылы 21 маусымда «Казахсельмаш» зауыты өзінің алғашқы ауылшаруашылық техникаларының өнім жинақтарын шығарып, сол жылы құю өндірісі мен ауыр трактор борондарын шығаруды бастағандығын көрме құжаттарынан байқауға болады.

Құрылымы кеңейе келе зауыт аса күрделі ауылшаруашылық техникаларын шығара бастады, малшаруашылық салсына аса қажет болған шөп жинағыш машиналарды өндіруді игерді.

1959-1965 жылдары арасындағы жетідылдықта зауыт өндірісі шарықтап бірегей энергетикалық жүйеге қосылды.

Көрмеде сонымен қатар 30 және 40 жылдары қызмет еткен жұмысшылардың жеке істерінен алынған кириллицамен қатар латын графикасы пайдаланылған  құжаттар да орын тапты.

Көрмеде көрсетілген құжаттар оқушылардың қызығушылығын тудыра алды. Ісшараның қонағы Арнольд  Владимировичпен кездесу қызықты диалог ретінде өтіп, мұрағат қызметкерлері мен оқушылар қызықтап қойған сұрақтарының барлығына жауап ала алды.

Оқушылар мен топтың жетекшісі мұрағат қызметкерлері мен келген қонаққа мазмұнды ақпарат үшін алғыстарын айтса, мұрағатшылар жас зерттеушілерді әрқашан мұрағатта қуанышпен қарсы алатындықтарын жеткізді

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *