Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Ингушетия Республикасы Мемлекеттік мұрағатының өкілдерінің қатысуымен Ингушетия Республикасы ғалымдарымен өткізілген дөңгелек үстел жұмысы

Астана қаласының  Мемлекеттік мұрағатында  Ингушетия Республикасы Мемлекеттік мұрағатының  өкілдерінің қатысуымен Ингушетия Республикасы ғалымдарымен өткізілген  дөңгелек үстел жұмысы

2017 жылғы 24 қазанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында, халықаралық қарым – қатынас жұмысын нығайту мақсатында, Ингушетия Республикасы өкілдерінің қатысуымен дөңгел үстел жұмысы ұйымдастырылды. Делегация құрамында Ингушетия Республикасы Мемлекеттік архивінің директоры Картоев Магомет Мусаевич, тарих ғылымдарының кандидаты,  Ингуш  Мемлекеттік Университетінің доценті, саяси ғылымдарының кандидаты, Ч.Э. Ахриев атындағы Гуманитарлық ғылымдар ғылыми – зерттеу институты этнология бөлімінің  аға ғылыми қызметкері  Арапханова Лейла Якубовна, Ингуш  Мемлекеттік  Университетінің аға оқытушысы, Ч.Э. Ахриев атындағы Гуманитарлық ғылымдар ғылыми – зерттеу институтының жаңа және қазіргі заман тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері қызметкері – Яндиева Тамара Уматгиреевна  аталған шараға қатысты.                                                                                                                                Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасындағы Ресей   Федерациясы  елшілігінің  кеңесші  уәкілі Мусиенко Александр Андреевич, Қазақстан Республикасындағы Ресей  Федерациясы елшілігінің   үшінші хатшысы Гудкова Алена Игоревна, Ресей Федерациясының Астанадағы ғылым және мәдениет орталағының басшысы Нефедов Виктор Леонидович, «Нұр Отан» партиясының  Сарыарқа аудандық филиалының өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, отандық архивистер, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, қоғам өкілдері, ұлт өкілдері қатысты.      Ингушетия Республикасы әріптестрінің сапарларының мақсаты – мұрағат қызметі бойынша тәжірибе алмасу, мұрағаттардың құжаттық мұрасын зерделеу,  Қазақстан Республикасының  бірқатар мұрағаттарынан ингуш халқының тарихына байланысты құжаттарды анықтау жұмыстарымен айналысу.    Келген қонақтарға Астана қаласының мұрағаты Қазақстан Республикасының  Ұлттық архивіне, «Астана-Байтерек» Мемориалдық кешеніне және «Алжир» мемориалды – мұражай кешеніне  экскурсия ұйымдастырды.                     Бұл халықаралық іс-шара Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мекемелері арасындағы  мұрағат саласында ғылыми және мәдени байланыстарды кеңейту шеңберінде, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *