«Ақмола – Целиноград – Астана қаласының құрылу тарихы»

«Ақмола  –  Целиноград  – Астана қаласының құрылу тарихы»

 

20 қазанда Астана қаласының № 35 мектеп-лицейінде 10 «в» сыныбына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Елена Кулакова «Рухани жаңғыру» жалпыхалықтық  бағдарламасын дамыту барысында  «Ақмола  –  Целиноград  – Астана қаласының құрылу тарихы» атты дәріс өткізді.

Дәріс Ақмола бекінісінің  уезд, округ, губерния, қала, аймақ, астана болып  құрылуы мен дамуы тарихынан көрініс беретін тарихи, мұрағаттық материалдардан құралды. Оқушылардың басты назарын Ақмола арнайы экономикалық аймақ, оның өркендеуіне арналған шаралар, жаңа Астананың салынуы, Астана қаласындағы ірі масштабты оқиғаларды ұйымдастыру тарихын сипаттайтын құжаттарға аударды. Сонымен қатар көрнекті аймақтанушы, жазушы, қаланың құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері, №4 мектептің мұғалімі  Андрей Федорович Дубицкийдің – «Город на Ишиме», «Пройдемся по улицам Целинограда», «Акмола  – город славный» атты кітаптары білім алушылар назарына ұсынылды. Дәріс барысында «Астана –воплощенная мечта» видеофильмі көрсетілді.

Дәріс үстінде оқушылар сұрақтар қойып, толыққанды жауап алып отырды. Дәріс соңында тарих мұғалімі Бекжанова Жанна Ержанқызы және оқушылар алғысын айтып, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының белсенді зерттеушісіне айналуға әзірлігін білдірді.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *