«Алаш: замандастар көзқарасы»

«Алаш: замандастар көзқарасы»

 

 

 

«Алаш: замандастар көзқарасы» тақырыбында

«Алаш» партиясының 100-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының  және Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты,

Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» және

Қарағанды облысының Мемлекеттік архивінің  біріктірілген тарихи-құжаттамалық көрме презентациясы туралы

 

 

2017 жылдың қазан айының 6 жұлдызында сағат 10.00-де Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында «Алаш» партиясының 100-жылдығына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  өткізілді.      Аталмыш конференцияның жұмысына Қазақстанның аумақтарынан, Ресей Федерациясының Томск, Омск, Орынбор облыстарынан, Татарстан Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан тарихшылар, архивистер, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, қоғам өкілдері қатысты. Конференция жұмысының негізгі бағыттары — Қазақстанның және шетелдік Мемлекеттік архивтерднің қорларындағы құжаттар негізінде «Алаш» партиясының құрылуы мен оның козғалысын талдау, «Алаш Орда» үкіметінің тарихи аспекті, партияның бағыт-бағдарлары мен іс-әрекеттері, Қазақстанның саяси өміріне тигізген әсерлеріне шолу жасау және ұлттық партия қызметінің белсенділігі, Қазақстанның саяси-құқықтық тарихына замандастардың көзқарасы және тағы басқалар.                                         Сонымен қатар, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты, Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет, архивтер және  құжаттама басқармасының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» және Қарағанды облысының Мемлекеттік архиві  қорларынан сирек кездесетін, ерекше  тарихи-құжаттамалық материалдар негізінде көрме презентациясы ұсынылды. Құжаттардың көбі келушілерге көрмеде алғаш рет ұсынылды.     Мемлекеттік архивтердің қорларында «Алаш Орда» үкіметінің тарихы жөніндегі аса ерекше объективті дереккөздер, сайма-сай құжаттар, Шәкәрім Құдайбердиев туралы замандастардың естеліктерінің тұпнұсқалары, Алаш Орда үкіметінің қаулысы негізінде қырғыз милиция жасағын қалыптастыру туралы Семей уездік басқармасының нұсқамасы, оның қатарынан қашқан адамдарды іздестіру туралы, А. Қозбағаровтың сот ісінің құжаттары – тұтқындалушының  сауалнамасы, тұтқындау және тінту туралы ордер, Семей губерниялық сотының А. Қозбағаровқа шығарған үкімі бар.

Х. Ғаббасов, М. Әуезов, Ж. Аймаутов, М. Тұрғанбаев, Е. Итбаев, Н. Нұрмақов. М. Дулатов,  А. Ермеков, С. Ақаевтың жеке істеріндегі құжаттар көрмеде ерекше орын алды. Құжаттардың бір бөлігі  ешқашан жарияланбаған.

Көрменің ең әсерлі бөлігі «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының белсенді басшыларының бірі, «Алаш Орда» Үкіметінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш құқық ғылымдарының магистрі Жақып Ақбаевтың – өмірбаян деректері, фотоқұжаттар, хаталмасулар, өзі туралы түрлі құжаттар болып табылады.

Көрменің ерекше көрінісін  Ресей Федерациясының Томск, Омск, Орынбор облыстарынан, Татарстан Республикасының Орталық архивінен, Өзбекстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінен табылған құжаттар жиынтығы береді. «Алаш» қазақ ұлттық интеллигенциясының өмірі мен қызметі туралы алғаш рет ұсынылған құжаттар  ерекше мәдени-тарихи және ғылыми құндылығы бар құжат ретінде көрсетілген архивтерде аса құжаттар есебінде құнды  есепке алынған.

«Алаш» партиясының, «Алаш Орда» үкіметінің тарихы – оның тәуелсіз мемлекет үшін күрескені туралы қазақ халқы ұрпақтарының есінде қалған  аса ерекше оқиғалардың бірі. Бұл күресте аса маңызды рөл атқарған ұлттық интеллигенция өкілдері Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Жақып Ақпаев, Халел Ғаббасов, Ахметжан Қозбағаров, Мұхамеджан Тынышпаев, Әлімхан Ермеков және тағы басқалар. Алаш Орда үкіметі мен қозғалыс өкілдерінің осы күнге дейін сақталып келген өте жоғары құндылығы бар құжаттары жаңа,  қазақ мемлекеттінің  құрылуында өшпес із қалдырудың айғақ дәлелі болып табылады.

Көрме  жұмысы шеңберінде архивтердің қорынан алынған «Алаш» қозғалысы, «Алаш Орда» Үкіметінің қайраткерлері жайлы деректі фильмдер көрсетілді.

Көрме өз жұмысын 2017 жылдың  30 қазан айына дейін жалғастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *