«Елорда тарихы – мұрағат көзі»

«Елорда тарихы – мұрағат көзі»

2017 жылдың 29 қыркүйекте Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы музейінің қызметкерлеріне  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Елорда тарихы – мұрағат көзі» атты дәрісті құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің  басшысы Балтабаева Б.С. өткізді.   Лекцияның мақсаты: Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорында сақталған құнды құжаттармен таныстыру. Оларға деген қызығушылықты артыру.    Астананың Мемлекеттік мұрағатында жинақталған көптеген құжаттардан Ақмола бекінісі құрылғаннан бастап қаланың тарихын зерделеп білуге болады. Қордағы шетел елдер мұрағаттар қорынан жинақталған құжаттар біздің еліміздің тарихына қатысты және олар мұрағаттың алтын қоры болып саналады. Бүгінгі таңда мұрағатта қоржасақтаушылардың жеке құжаттары сақталған. Олар: Жұмабек Ташенов – мемлекет қайраткері, Нұрғожа Ораз – «Жаңа Сарыарқа» журналының редакторы, Андрей Дубицкий – жазушы, өлкетанушы және т.б.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *