«Горкомхоз» АҚ туралы жинақталған көрме

«Горкомхоз» АҚ туралы жинақталған көрме

 

2017 жылдың 28 қыркүйекте Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының «Пригородный» кентіндегі «Есіл» ауданы бойынша жеке құрамының бөлімшесінде қорда «Горкомхоз» АҚ-ы  туралы жинақталған материалдардан көрме ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда қалалық коммунальды шаруашылық бөлімі  таратылып кеткен, бірақ Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорында олардың құжаттары сақталған. Қалалық коммунальды шаруашылық бөлімі (қысқаша горкомхоз) тарихы сонау 1920 жылдан басталады. Ақмола қаласында Қызыл Армия қаланы ақ гвардия әскерлерінен  босатқаннан кейін 1919 жылы құрылды, бірақ құрылуы мерзімі нақты көрсетілмеген, 1920 жылдан бастап горкомхоз туралы қорда мұрағаттық материалдар кездеседі. Горкомхоздың басты міндеті қаланың құрылысы мен жағдайын жақсарту, тазалық сақтау және қала ішіндегі тәртіпті сақтау, көкалдандыру болды. Көрермендердің назарына 1938-2003 жылдар аралығын қамтитын өте қызықты деректі материалдары ұсынылды. Көрмеге келушілер Есіл көлінің үстінен салынған бірінші көпірдің құрылысы туралы тарихи құжаттарымен танысты, сол сияқты 1969 жылы салынған демалыс саябағының жобасын көрді, 1996 жылы астананы Ақмола қаласына көшіру барысында жасаған дайындық жұмыстарының материалдарын тамашалады, қалаға ең бірінші рет Испания мен Қытайдан келген шетел делегациясының келгені туралы деректерді және 2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел ІІ кездесуі туралы хаттамалар көріп, таң қалды. Бүгінгі таңда «Астана қаласының қалалық коммунальды шаруашылық басқармасы» ММ-сі құзырына  «Астана Тазалық» ЖШС-і, «Астана Су Арнасы» МҚК-ы, «Астана арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-і кіреді. Оған «Пригородный» кентіндегі №24 орта мектептің 9-11 оқушылары қатысты. Қала тарихы, «Горкомхоз» АҚ-ы туралы мұрағаттық құжаттар Астана қаласының жас өспірімдердің ойында ұмытылмас әсер қалдырды. Көрме жұмысы аяқталғанда оқытушылар мен оқушылар өздерінің ізгі тілектерін білдірді.

 

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *