«Тіл қымбат қазынам»

«Тіл қымбат қазынам»

 

2017 жылдың 21 қыркүйегінде Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Халықаралық тілдер күнінің қарсаңында Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының жұмыс жоспарына сәйкес «Тіл қымбат қазынам» атты конкурс өткізілді.  Конкурстың мақсаты ана тілге деген  құрметті арттыру. Конкурсқа мұрағат қызметкерлері қатысты.  Конкурсттың шарты бойынша қызметкерлер екі топқа бөлінді. Конкурс екі тапсырмадан тұрды: бірінші – бастап айтқан мақалды жалғастыру, екінші – оқылған өлеңдердің авторын табу. Мұрағаттың қызметкерлері конкурстың тапсырмаларын белсенді түрде орындады. Белсенді қатысқан қызметкерлерге сыйлықтар тапсырылды. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік тілі туралы фильм көрсетілді.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *