«Қазақстанның Конституциялық даму тарихы»

«Қазақстанның Конституциялық даму тарихы»

Ағымдағы жылдың 29 тамызында Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдар бойынша Ұлттық бюро Департаментінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік жиналыс өтті. Ісшараның өтуі барысында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты қызметкерлері ұйымның жеке құрамына арнап, «Қазақстанның Конституциялық даму тарихы» атты лекция өткізді.  Дәріс барысында мұрағат қызметкерлері Қасым ханның, Есім ханның, Тәуке ханның алғашқы заң жинақтарының Конституциямыздың   тарихының  қалыптасуындағы маңызды рөлі туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, Сөвет өкіметі кезіндегі Қазақстанның конституциясына,  тәуелсіз Қазақстанның және қазіргі кездегі Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтыруларға қысқаша шолу жасалынды.Дәріс барысында атаулы тақырыпқа байланысты видеофильмдер мен слайдтар да көрсетілді.Ісшараны қорытындылай келе, Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдар бойынша Ұлттық бюро департаментінің басшылығы Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты ұжымына қызықты дәріс үшін алғысын білдіріп, өз ара қарым қатынасты нығайту жөніндегі тілектерін білдірді