«Қазақстандық архивтер: жаңару жолында» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуы

«Қазақстандық архивтер: жаңару жолында» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуы

Ағымдағы жылдың 18 тамызында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының басшылығы  Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында өткен «Қазақстандық архивтер: жаңару жолында» атты дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты. Атаулы ісшара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаментінің ұйымдастыруымен өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Вице-министірі А.Р. Раимкулова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты П.О. Казанцев, халықтық демократиялық «Нұр Отан» партиясының мүшелері, мемлекетіміздің барлық өңірлеріндегі мұрағат басқармаларының және мемлекеттік мұрағаттардың басшылары болды.                                                                                               Дөңгелек үстел Елбасымыздың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы аясында жұмыс жасады. Жұмыс барысында архив саласын дамыту басымдықтары, Қазақстанның архив саласын жетілдіру мәселелері және жаңарту жолдары туралы сұрақтар қозғалып, талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде көптеген кеңестер берілді.

Жұмысты қорытындылай келе Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Вице- министірі А.Р. Раимкулова Қазақстанның архив ісінің дамуы мен қалыптасуы жолында елеулі үлестерін қосып жатқан мұрағат саласы қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Дөңгелек үстел жұмысының аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық Орталығының көрме залында қатысушыларға арналған «Книгопечатание Великого Щелкового пути» көрмесі ұйымдастырылды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *