Ресей Федерациясының Омбы облыстық тарихи мұрағаты «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» көрмесі өз жұмысын бастады

Ресей Федерациясының Омбы облыстық тарихи мұрағаты «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» көрмесі  өз жұмысын бастады

 

2017 жылғы 05 шілдеде сағат 16.00 ЭКСПО-2017 хылықаралық көрмесіне орай  «Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты»  мемлекеттік мекемесінде тәуелсіз Қазақстанның және Астананың тарихында алғаш рет Ресей Федерациясы Омбы облысының Қазақстан және Астана тарихы үшін өте құнды болып табылатын бірегей тарихи құжаттық матиалдарының «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» атты көрмесінің ашылуы   өткізілді.

Омбы облысының тарихи мұрағатында сақталынған Қазақстан тарихына байланысты құжаттармен Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын таныстыру көрменің басты мақсаты мақсаты болып табылады.    Іс — шара Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мұрағат мекемелерінің арасындағы ғылыми, мәдени байланысты кеңейту, сонымен қатар екіжақтық қарым қатынасты күшейту аясында ұйымдастырылған. Бұл тарихи құжаттық көрме Омбы облысының тарихи мұрағатына жауап ретіндегі халықаралық іс шара болып табылады.

Көрмеге қойылатын құжаттардың үлкен бөлігі көрушілерге алғаш рет ұсынылды. Патша үкіметінің «Даланың соңғы батыры» — Орта жүз ханы Кенесары Касымовпен және «Қырғыз-қайсақ ордасының ұлы патшайымы» — Уәли ханның жесірі Айғаным патшайыммен араларындағы қырым-қатынастары көрсетілген құжаттар көрменің басты бөлігі болып табылады.

Тақырыптық жинақтарға Қырғыз даласындағы оқиғалар ведомостері, көшпелілерден салық жинау жәніндегі материалдар, мемлекеттік шекара ұйымдарын күзететін бекітілген тармақтардың құрылыстары жөніндегі жазбалар. Жоғарыда айтылғандармен қатар көрмеде 19 ғасырдағы  Ақмола облысының картасы назарға ұсынылды.

Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі қорында сақталған Ақмола, Жезқазған, Семей, Көкшетау бекіністерінің Нижний Новгородтағы бүкіл Ресейлік көркем-өндірістік көрмесіне (1896ж.) және Санкт-Петербургтегі халықаралық костюмдер көрмесіне (1902ж.) құжаттар көлемі осы көрменің ерекше бөліктерінің бірі.

Көрменің Қазақ халқының тарихи тұлғаларына арналған бөлімінде Алихан Бөкейханов, Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Көлбай Тоғысов сынды тұлғаларға байланысты құжаттар ұсынылды. Олардың әрқайсысының өмірі Омбымен тығыз байланыста болған.                                           Омбы облысы мен Қазақстанмен шекаралас территориялардың тарихи зерттеулерінің библиографиялық жинағы көпшілік назарына ұсынылып мұрағат құжаттарына тамаша қосымша болып отыр: 19 ғасырдағы дала өмірінің өзгерісі, бірінші дүние жүзілік соғысындағы, Кеңес өкіметі билігінің орнауы, саяси қуғын-сүргін және Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы қазақ халқының өмір баяны.  Көрмемен қатар Қазақстанның ғалым-тарихшыларының, жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің және қоғам өкілдерінің Омбы облысы мұрағатының қызмет басшыларымен дөңгелек үстел  өткізілді. Ресей Федерациясы  Елшілігінің қызметкерлері Гальчина С.С., Нефедов В.Л., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор    З.Е. Қабылдинов,  Л.Н. Гумилев атындағы Университетнің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабек, Астана қаласы Маслихатының депутаты Данбаева Г.А., республиканың мұрағат қызметінің өкілдері, Астана қаласындағы «Лад» Республикалық Славян  қозғалысының  өкілдері  және т.б. Ісшаранының модераторы болған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағаттық іс және құжаттама департаментінің директоры Мұстафина Ә.Х.                                                «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» атты  көрме Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының көрме залында 2017 жылғы  шілде айының 31  дейін  жұмыс жасайды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *