Баспасөз - релизі

 

Баспасөз — релизі

Ресей Федерациясының Омбы облыстық тарихи мұрағаты көрмесінің ашылуына

«ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ

ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ»

 

2017 жылғы 05 шілдеде сағат 16.00 ЭКСПО-2017 хылықаралық көрмесіне орай  «Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты»  мемлекеттік мекемесінде тәуелсіз Қазақстанның және Астананың тарихында алғаш рет Ресей Федерациясы Омбы облысының Қазақстан және Астана тарихы үшін өте құнды болып табылатын бірегей тарихи құжаттық матиалдарының «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» атты көрмесі  өткізіледі.

Омбы облысының тарихи мұрағатында сақталынған Қазақстан тарихына байланысты құжаттармен Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын таныстыру көрменің басты мақсаты мақсаты болып табылады.    Іс — шара Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мұрағат мекемелерінің арасындағы ғылыми, мәдени байланысты кеңейту, сонымен қатар екіжақтық қарым қатынасты күшейту аясында ұйымдастырылған. Бұл тарихи құжаттық көрме Омбы облысының тарихи мұрағатына жауап ретіндегі халықаралық іс шара болып табылады. Көрмеге қойылатын құжаттардың үлкен бөлігі көрушілерге алғаш рет ұсынылғалы отыр.             Ол Батыс-Сібір генерал-губернаторлық және Батыс Сібірінің басты басқармасы  қорынан алынған құжаттар оңтүстік-батыс Сібір және қазіргі Қазақстан территорияларындағы әкімшілік басқару органдарының жұмыстары, сонымен қатар Сібір Казак әскерлері ауылдарының орналастырылуы және аумақтағы қорғаныс бекінісінің құрылысы жөніндегі ақпараттармен таныстырады. Патша үкіметінің «Даланың соңғы батыры» — Орта жүз ханы Кенесары Касымовпен және «Қырғыз-қайсақ ордасының ұлы патшайымы» — Уәли ханның жесірі Айғаным патшайыммен араларындағы қырым-қатынастары көрсетілген құжаттар көрменің басты бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, тақырыптық жинақтарға Қырғыз даласындағы оқиғалар ведомостері, көшпелілерден салық жинау жәніндегі материалдар, мемлекеттік шекара ұйымдарын күзететін бекітілген тармақтардың құрылыстары жөніндегі жазбалар. Жоғарыда айтылғандармен қатар көрмеде 19 ғасырдағы  Ақмола облысының картасы назарға ұсынылады.

Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі қорында сақталған Ақмола, Жезқазған, Семей, Көкшетау бекіністерінің Нижний Новгородтағы бүкіл Ресейлік көркем-өндірістік көрмесіне (1896ж.) және Санкт-Петербургтегі халықаралық костюмдер көрмесіне (1902ж.) құжаттар көлемі осы көрменің ерекше бөліктерінің бірі.

Көрменің Қазақ халқының тарихи тұлғаларына арналған бөлімінде Алихан Бөкейханов, Шоқан Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Көлбай Тоғысов сынды тұлғаларға байланысты құжаттар ұсынылады. Олардың әрқайсысының өмірі Омбымен тығыз байланыста болған.

Омбы облысы мен Қазақстанмен шекаралас территориялардың тарихи зерттеулерінің библиографиялық жинағы көпшілік назарына ұсынылып мұрағат құжаттарына тамаша қосымша болып отыр. Оларда 19 ғасырдағы дала өмірінің өзгерісі, бірінші дүние жүзілік соғысындағы, Кеңес өкіметі билігінің орнауы, саяси қуғын-сүргін және Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы қазақ халқының өмірі баян етіледі.  Осы айтылған тарихтың барлық кезеңдері Омбы аумағы мен Қазақстан территориясы халқының өмірін айналып өтпей, өз әсерлерін қалдырмай қойған жоқ.

Көрмемен қатар Қазақстанның ғалым-тарихшыларының, жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлерінің және қоғам өкілдерінің Омбы облысы мұрағатының қызмет басшыларымен кездесулері өткізіледі.

2011 жылғы 23 маусымдағы  Омбы облысы тарихи мұрағаты мен  Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының арасындағы ғылыми, мәдени байланысты орнату келісімінің аясында ұйымдастырылған «ОМБЫ АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰЖАТТЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫ» атты  көрме Астана қаласының мемлекеттік мұрағатының көрме залында 2017 жылғы  шілде айының 30  дейін  жұмыс жасайды.

 

 

«Астана қаласының мемлекеттік

мұрағаты» ММ

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *