«Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері»

«Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері»

2017 жылдың 25 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Рухани жаңғыру және тарих ғылымының жаңа міндеттері» атты тарихшылардың ІV Конгресі өтті. Конгреске Қазақстанның барлық облыстарынан, республикаға танымал тарихи-гуманитарлық ғылым мен білім саласының көрнекті өкілдері, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысты. Музей мен архив, жалпы білім беру мектептері мен ардагерлер ұйымдарының делегациялары да қатысты.

Конгрестің басты мақсаты – Елбасының қоғамдық сананы және рухани өрлеуді жаңғырту бағытындағы тағдыршешті жаңа бастамасына қолдау көрсету. Осы орайда отандық тарих ғылымы мен білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылау. Мектеп пен жоғары оқу орындарының мазмұндық жағдайын жақсарту және музейлер мен архивтердің қызметтерін жаңа деңгейге көтеруге жете мән беру.

Конгресс жұмысы барысында «Туған жер» атты президенттік бағдарламаға сәйкес бірнеше кітаптардың тұсаукесері өткізілді: «Астана»: прошлое и настоящее» (З.Е Кабульдинов), «Саржал) (Б. Теміров), «Алаш қозғалысы» 2 томдық (М. Қойгельдиев).

Аталмыш іс-шараға Астана қаласының Мемлекеттік архиві Қазақстанның 18-20 ғасырларды қамтитын ең құнды құжаттардан көрме ұйымдастырды. Көрмеге Ресей Федерациясының Омбы, Орынбор, Башқұртстан, Беларусь Республикасы архивтерінен іздестіру барысында әкелінген Абылай ханның, Жәңгір ханның, Кенесары Қасымұлының, Нұралы ханның хаттары, жарлықтары және т.б. құжаттар қойылды. Конгреске  қатысушылардың көрмеге қызығушылығы өте жоғары болды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *