«Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» тақырыбындағы Халықаралық конференция «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде өтті.

«Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» тақырыбындағы Халықаралық конференция «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде өтті.

2017 жылдың 29 мамырында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің ашылғанына 10 жыл және саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды. Помнят потомки» тақырыбындағы Халықаралық конференция «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде өтті.

Конференцияның басты тақырыбы: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдарын тарихи дерек көздері арқылы тарихи мәлімет алу, тоталитарлық жүйе құрбандарына тағзым ету, Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан этностар бірлігін насихаттау.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, Астана қаласы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, сол сияқты шетелдерден келген қонақтар.

Конференцияда Нұрмұхамедов Леон Хасенұлы – 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақ КСР денсаулық сақтау бойынша халық комиссары Хасен Нұрмұхамедовтың ұлы, Шевченко Татьяна Борисовна – «АЛЖИР» тұтқыны Мария Лазаревна Анцисттің немересі, Виолина Дарья Дмитриевна – «АЛЖИР»  тұтқыны Лидия Френкельдің немересі сөз сөйледі.

Іс-шара барысында «Дольше жизни» атты деректі фильм көрсетілді және сонымен қатар «АЛЖИР» тұтқын әйелдерінің өлендері мен әндері орындалды, «АЛЖИР тұтқындары» атты сахналық көрініс қойылды.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *