Әлеуметтік-құқықтық сұранымдарды орындаушыларға арналған семинар-оқыту сабағы

Әлеуметтік-құқықтық сұранымдарды орындаушыларға арналған семинар-оқыту сабағы

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында «Алматы» ауданының жеке құрам жөніндегі бөлім қызметкері А.Б. Алимбаева әлеуметтік-құқықтық сұранымдарды орындаушыларға арналған семинар-оқыту сабағын жүргізген болатын. Аталмыш тақырыптағы дәріс оқытушымен кездейсоқ алынбаған, себебі мұрағатқа келіп түсетін сұранымдардың басым көпшілігі қаладағы 1992 жылдан бастап 2000 жылға дейінгі аралықты қамтитын жекешелендіру кезеңіне қатысты.

Семинар барысында оқытушы дәріс тындаушылардың назарын жекешелендіру кезеңнің ерекшеліктеріне аударды, жекешелендіру өткізу процесін реттейтін нормативтік-құқықтық негізімен таныстырды.

Сонымен бірге, А.Б. Алимбаева сұранымды орындауға және электрондық ізденіс жұмысын жалғастыруда аз уақыт шығындау мақсатында құжаттарды іздеп табу әдістемесімен бөлісті.

Семинар-оқыту сабағының қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, барынша жауаптарын алды.

Мұрағат басшылығы және барша қатысушылар оқытушыға ұсынылған ақпараттың сиымды және қолжетімділігіне алғыстарын білдірді.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *