1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы

Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында 2017 жылдың 27 сәуірінде мұрағат қызметкерлеріне және ЕҰУ-нің студенттеріне құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Елена Кулакова «1 мамыр мейрамының тарихы» атты дәріс оқыды.

Дәріс барысында ол мейрам туралы тарихи қызықты деректер келтіре отырып, қазіргі кезде осы мейрамның қалай өтетіні туралы баяндады.

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты қорында әр этностардың құжаттары сақталуда. Олар ішінде корей, неміс, поляк, шешен-ингуш, казактар бірлестігі, сол сияқты олардың тарихтары, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлері, мәдени-ағарту жұмыстары туралы «Тіл және мәдениет» айдарынан көруге болады.

Бүгінгі таңда халықаралық және діниаралық келісім Қазақстан саясаты үшін басымдықтың бірі болып табылады.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *