Ұлы Жеңістің кезеңдері

Ұлы Жеңістің кезеңдері

2017 жылдың 28 сәуірінде Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында Ұлы отан соғысының ардагерлерімен Ұлы жеңістің 72 жылдығына арналған  кеш өткізілді. Осы кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Президенті архивы және Қазақстан Республикасының қорғаныс министрлігінің қызметкерлері, Астана қаласының мектеп оқушылары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары және т.б.

Кездесудің басты мақсаты: біздің еліміздің азаматтарына патриоттық, ізгілік және рухани тәрбие беруде мемлекеттік архив басқа мемлекеттік мекеме өкілдерімен, ғалымдармен,  республикалық білім мекемелерінің оқушыларымен бірігіп, мәдени-ағартушылық жұмыстарын жүргізу арқылы Қазақстан халықтарының достығын, мемлекеттілігін нығайтуды көздейді және қоғамның біртұтастығын сақтауда негізгі құндылықтарға көңіл аударады: ол – тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісім. Осы аталмыш іс-шараға арналған «Ұлы Жеңістің кезеңдері» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге алғаш рет Астана қаласының Мемлекеттік архивы  мен Қазақстан Республикасының Президенті Архивы қорларынан алынған эвакуация туралы және жеке адамдардың қорынан алынған фотосуреттер мен құжаттары, тыл майталмандарының құжаттары қойылды. Оның ішінде: соғыс жылдарында Ақмолада өткізілген әскери-ұйымдастыру жұмыстарына, сол жылдардағы қала экономикасына, тылдағылардың майданға көрсеткен көмегіне байланысты құжаттар, 22 маусымда 1941 жылы КСРО Сыртқы Істерінің халық комиссары В.М. Молотовтың радиодан сөйлеген сөзі,  И.В. Сталин мен  В.М.Молотовтың майдан жүріп жатқан жердегі обкомдар мен облыстық атқару комитеттеріне немістер басып алған жерлерінде құпия ұйымдармен партизандық отрядтар құру туралы жіберген жедел хаты, Қазақстан Орталық комитетіне «Қазақ ССР-на қоныс аударылған адамдарды қабылдау және орналастыру»  туралы қаулы, Қазақстан Орталық комитеті бюросының қаулысы « КСРО ҒА-ның акадеимктердің отбасы мүшелері мен ғылыми қызметкерлерінің балаларын орналастыру және қажетті заттар қамтамасыз ету», саяси эмигранттарды, жаудың тұтқынында болған адамдарды, армия шақырудан жалтарған адамдарды жазалап, Қазақстан жеріне жер аудару туралы КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы И.В. Сталиннің жедел   хаты, сол сияқты Қазқстандық еңбекшілердің майданаға азық-түлік, киім-кешек дайындап жіберіп жатқан сәттері бейнеленген фотосуреттер. Іс-шара барысында әскери әндер орындалды, Ұлы Отан соғысы туралы бейнефильм және соғыс кезіндегі жәдігерлер көрсетілді.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *