Астаналық мұрағаттағы зерттеушілермен кездесу

Астаналық мұрағаттағы зерттеушілермен кездесу

2017 жылдың 6 сәуірінде Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында архивтік құжаттарды пайдаланып, өздерінің  диссертацияларын, монографияларын, ғылыми жобаларын әзірлейтін зерттеушілермен «дөңгелек үстел» өткізілді. Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының құжаттарын насихаттау және жариялау, мұрағаттың ААҚ-ты сақтау  және толықтыру.

Күнделікті архивтің оқу залына ғалымдар, студенттер, қызметкерлер, мектеп оқушылары келіп, өздерінің ізденіс жұмыстарымен айналысады. Бұл жерде оларға архивтік материалдар қолға беріледі, сол сияқты өте сирек кездесетін және аса құнды тарихи құжаттарымен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры Арайлым Мұсағалиева былай  деді  –  «Мен 2009 жылдан бастап осы архивпен жұмыс істеп келемін. Архивтың қорында бірегей құжаттардың сақталғандығы туралы мен толық сеніммен айта аламын, оған дәлел Подольск қаласынан әкелінген құжаттар болы табылады, өйткені олардың құжаттары елдің басқа архивтерінде жоқ».

Кездесуге қатысушы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің философия кафедрасының профессоры Күлшат Медеуова  – архив бұл тарихтың ордасы деп атап өтті. Ол тарихи деректер арқылы сапалы ғылыми жұмыстары дайындалады деп өз ойын айтты.

«Дөңгелек үстел» барысында Астана қаласының №35 мектеп-лицейінің оқушысы Игорь Иванов архивтың тұрақты оқырманы. Ол 29-шы Ақмола атқыштар дивизиясының қалыптасу тарихы туралы ғылыми жоба дайындау үстінде. Қордан алынған материалдар оның жұмысына көп көмек көрсеткені туралы айтты. «Архивта жұмыс істеу қызықты және тартымды басқа әлемге түскендей боласың» – деді.

Кездесудің соңында барлық қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, зерттеу жұмыстары бойынша ұсыныстарын айтты.

 

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *