БАСПАСӨЗ  ПАРАҚШАСЫ

Өткізілетін уақыты:  2017 жылдың 06 сәуірі

Басталуы:   15.00

Өткізілетін орны:  Астана қаласы, Әуезов көшесі,3

Ұйымдастырушы: Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты

тел. 21-63-31

         2017  жылдың  6 сәуірінде Астана  қаласының  Мемлекеттік  мұрағатында оқу залының ізденушілерімен дөңгелек үстел өткізіледі. Ізденушілер қатарында мұрағаттық құжаттарды пайдаланып ғылыми жобалар әзірлейтін және монография жазатын ғалымдар, Астана қаласының жоғары оқу орында оқитын магистранттар, мектеп оқушылары. Тақырыбы: «Ізденіс жұмыстарындағы түйінді мен келешектегі мәселелер».

         Іс-шара мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының құжаттарын насихаттау және жариялау, сол сияқты Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының революцияға дейінгі, кеңес кезеңдеріндегі және әртүрлі заманауи тақырыптағы құжаттары бойынша зерттеудегі пайдаланушылардың ғылыми жұмыстары, монографиялары, авторефераттарымен мұрағаттың ААҚ-ты сақтау  және толықтыру.

Дөңгелек үстелдің негізгі шешімі:

Ақмола облысы және Астананың даму тарихы туралы құжаттарды сақталуына оқушылардың, ғалымдардың назарын аудару;

ізденушілер өздерінің ізденіс жұмыстары барысында бұрынғы және кейінгі кезеңдердегі мұрағаттық құжаттарды табудағы түйінді мәселелері;

Оқырман залында 2009-2016 жылдар аралығындағы зерттеушілердің жұмыстары бойынша ғылыми-деректі көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде – мұрағаттық құжаттарымен бірге З.Е. Қабылдиновтың «Астана тарихы», Г.А. Алпысбаеваның «Астана жаңа және қазіргі уақытта», Л.В. Манякинның «1997-2013 жж. Қазақстан экономикасының дамуындағы түйінді мәселелер және оның шешімі» атты монографиялары, тарих ғылымдарының докторы  Г.А. Алпысбаеваның  «Ақмола, Целиноград, Астана: тарихи даму және қалыптасу жолы», тарих ғылымдарының кандидаты Ш.Н. Саяпованың «1824-1867жж. Қарқаралы және Көкпекті дуандарының тарихы», Р.А. Айтмағамбетованың «ХІХ-ХХ ғғ. екінші жартысындағы қоныс аударушылар мен қазақ ауылдарының қарым-қатынасы» (Ақмола облысының үлгісінде), Т.А. Киселеваның «ХІХ-ХХ ғғ. Астана қаласы құрылымындағы жалпы білім беру жүйесінің дамуы»  атты диссертация авторефераттары және басқа жұмыстар көрсетілген. Көрмеде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттері студенттерінің магистрлік диссертациялары мен Астана қаласы мектептері оқушыларының ғылыми жұмыстары көрсетілген.

Көрменің тағы бір бөлігі қалалық мектеп оқушылары мен студенттері арасында мұрағаттық құжаттар бойынша өткен конкурс жеңіспаздарының құжаттары.

Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып шығарылған «Елдің төрі – Елорда» атты буклетпен танысады. Оған «Тәуелсіздік – мұрағат қойнауында» атты қалалық мұрағаттық құжаттар бойынша өткен конкурстың үздік жұмыстары, Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қор жасақтаушылары, сол сияқты Астана қаласындағы мұрағат ісінің дамуы туралы ақпарат кірді.

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *