«Цесна-Астық» концернінің құрылғанына 20-жыл

«Цесна-Астық» концернінің құрылғанына 20-жыл

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында наурыздың 15 жұлдызында «Цесна-Астық» концернінің құрылғанына 20-жыл толуына орай іс шара өткізілді. Іс шарада азық – түлік өнеркәсібі ардагерлерінің Астана әкімшлігіне қарасты «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі» МКҚК студенттерімен кездесуі ұйымдастырылып, Ақмола облысының кең аумағында ас атасы нанның және нан өнімдерінің қалай шығарыла бастағаны жөніндегі күнделікті өмірде жиі кездесе бермейтін мұрағаттық құжаттардан көрме өткізілді. Астана қаласы мен Ақмола облысынаң экономикалық даму тарихында тамақ өнеркәсібінің даму кезеңі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Оған мемлекеттік мұрағат қорынан көрмеге қойылған құжаттар куә. Ең көне құжаттардың бірі 1952 жылғы екенін де атап өту керек.

   dsc_0155

    Ол өндірістегі жұмыстың ұйымдастырылуы мен қызметкерлердің еңбек тәртібі жөнінде жазылған Ақмола наубайхана комбинатының бұйрықтар кітабы. Сонымен қатар, «Ақмоланан» ұйымының 1993 жылдың қазаннан желтоқсан айының аралығындағы жұмысшылардың жалақылары туралы есеп кітаптары, наубайхананың 1993 жылғы жеке құрам бойынша, негізгі құрам  бойынша бұйрықтары, «Акмоланан» АҚ акционерлерінің жалпы немесе төтенше жиналыстарының хаттамалары;  акцияның 10% ұжымға сату жөнінде болған ұйым қызметкерлері жиналысының хаттамасы; басшылардың, инженер- техникалық қызметтегі және басқа да жұмысшылардың штаттық кестесі,  жалақылары; 1993 жылғы «Ақмоланан» АҚ құру туралы құрылтай құжаттары; Ақмола наубайхана комбинатының мемлекет иелігінен алынып жекешелендірілгені жөніндегі комиссия құрылғаны туралы; т.б сол сияқты қызықты құжаттарды кездестіруге болады. Бұл құжаттардан  нан өндірісі нарығындағы өзгешеліктер, шикізат және дайын өнімдерді бағалау саясатының қалыптасуы, өндірісті кезең-кезеңмен жетілдіруді ұйымдастыру, нан өнімдерінің түрлерін өсіру мен № 1 өнімге деген сұранысты арттыру сияқты көптеген қызықты мәліметтер табуға болады. Іс-шараға осы салаға көп үлестерін қосқан ардагерлер шақырылды. Олар қалалық қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің студенттері – болашақ технологтармен көпжылдық тәжірибелерімен бөлісті.  «Цесна Астық» концернінің басшылары ұйымның жетістіктері мен марапаттарымен таныстырды. Қазіргі уақытта олар 200ден асады.

   Анықтама. «Цесна-Астық» концерні – астықты өңдеу өнеркәсібіндегі өнім айналымы жағынан Қазақстандағы ең ірі жүз компаниялардың қатарына кіретін жетекші ұйымдардың бірі. 90-шы жылдардың басындағы Қазақстанның ұн нарығында төңкеріс жасаған компания өзінің ұсынған тауарының жоғарғы сапасымен және инновация қабылдағыштығымен ерекшелене білді. Көптеген импортталатын мемлекеттерде «Цесна» жоғарғы сапалы ұн эталонына айнала білді. Концерннің структурасы бірнеше еншілес және серіктес компаниялардан тұрады. Олар бір-бірімен техникалық ондірістік байланысы бар біріктірілген агроөнеркәсіптік холдингті құрайды. Өндіріснде 200 астам өнімнің түрлері бар, олар: жоғарғы сапалы бидай ұны, макарондар, жарма, жемшөп және де «Денсаулық өнімдері» сериясы. Компанияның тарихы Қазақ ССР-нің Целиноград қаласында сонау 1969 жылы Целиноградтық астық нүктесі қолданысқа берілген кезден бастау алады. «Цесна-Астық» концерні өзінің даму барысында қазіргі кездегі көптеген мықты өндірістік қуаттарды жасап шығарып, «Buhler», «Wachtel», «Fawema», «Ocrim» сияқты басқа да өндіруші компанияларды жоғарғы технологиялық жабдықпен қамтамасыз етіп жаңа объектілерді іске қосуда елеулі еңбек етті. 2006 жылы әлем нарығының лидері  «Buhler» компаниясының жабдығымен жабдықталған жаңа, заманға сай  диірмендік  макарон комплексін іске қосты.  2010 жылдан бастап толық өндірістік күш қуатымен  жұмысқа кіріссе де өнімге деген өсіп келе жатқан сұранысты саны жағынан толық қанағаттандыра алмады.  2011 жылы қазанда «BUHLER» фирмасымен макарондық өнімдерді шығаруға жаңа қондырғы орнату жөнінде келіссөз жүргізіліп, ол 2012 жылы 30 қарашада жүзеге асады.   Осы уақыттан бастап тек Қазақстанда  емес таяу және қиыр шығыс елдеріне күнделікті 100 тоннадан астам Қазақстанда өндірілген макарондар жеткізілуде. Ресей, Грузия, Молдова, Түркменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Ауғанстан және Оңтүстік Корея сияқты географиялық аймақтарда «Цесна» сауда маркасы кең таралған.

 

Leave a reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *